Pexels: Greta Hoffman

Көп сатылы дене күтімі танымал болып келеді. Бірақ, сарапшылар оның еш пайдасы жоқ дейді.

Дене күтіміне көп арулар бет күтіміне сияқты байыппен қарайды. Ал, сарапшылар барлық өнімдерді құптамайды. Мамандар олардың кейбіреулері пайдасыз ғана емес, тіпті зиянды екенін айтты. Кейде тек теріге ғана емес, психикалық денсаулыққа да. Сұлулық сарапшылары барынша күмәнмен қарайтын 5 өнімді біліп жүр.

Целлюлитке арналған крем

Тері астындағы майдың қалыпты екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Дегенмен, сұлулық нарығында целлюлитке қарсы көптеген сарысулар, лосьондар мен кремдер бар.

Эстетикалық медицина және косметикалық дерматология бойынша сарапшы доктор Ана Мансури: «Менің тәжірибемде целлюлитке қарсы тиімді болатын кремдер жоқ», – дейді. Сонымен қатар, Ана бұл өнімдер қыздардың сенімсіздігінен пайда табады деп санайды.

Денені тазартуға арналған массаж құралдары

Егер бетіңді силикон щеткасымен уқалау процесі ұнаса, онда бұнда тұрған ештеңе жоқ. Ал, сен оны мінсіз тазартады деп сенгендіктен қолдансаң, косметолог Алисия Ларти ескертеді: щетка теріңді өз қолыңнан немесе кәдімгі жуғыштан жақсы тазартпайды.

Денені қатайтатын сарысулар

Доктор Мансуридің айтуынша, теріні «қатайтатын» дене күтімі өнімдерінің ғылыми дәлелденген тиімділігі жоқ. «Сен косметика арқылы бұлшықет тонусын немесе терінің серпімділігін өзгерте алмайсың», – дейді ол.

Мойынға арналған крем

Әрине, мойын терісін ылғалдандыру керек, бірақ сарапшылар бет кремдері мен мойын өнімдерінің арасында ешқандай айырмашылық жоқ деп санайды.

Құрғақ массаж щеткалары

«Көптеген адамдар бұл әдіс аяқ-қолдардың ісінуін жеңілдетеді, сонымен қатар целлюлитті жоюға көмектеседі деп сенеді»,

дейді доктор Мансури.

Оның тәжірибесінде щетканың пайдасы минималды: иә, мұндай массаж серпімділік береді және аздап теріні жаңартады, бірақ кез-келген қышқылы бар лосьон немесе крем бұл функцияны орындай алады. Әрі жұмсақ және жеңіл әсер етеді.


Фото: Pexels

Поделиться: