Дамир Бейсенбаев Дина Шондыханова
Instagram: @madiarov13

ELLE Kazakhstan ұсынған Mahabbat Quiz-дің жаңа бөлімі жарық көрді. Қонақта отандық блогерлер Дамир Бейсенбаев пен Дина Шондыханова.

Ғашықтардың таныстығы желіде басталған, Дамир бірден Динаның өмірлік жары болатынын сезіп, екінші кездесуде үйленетінін айтқан.

Дамир сол жылы үйленуге ұсыныс жасамады. Алайда отау құрғаннан кейін екі жылдан соң арудың қолына жүзігін таққан.

«Отбасы құрғанда алғашқы жылдары бір-бірімізді түсінбедік. Қазір толық гармония. Көз тиіп кетпесін»,

дейді Дина. 

Ерте тұрмысқа шығуды мүлде жоспарламаған Дина, 18 жасында өз ғашығын жолықтырды. Және барлық армандарына Дамирмен бірге қол жеткізіп келеді. 

Бүгінде барлығына қызық махр тақырыбы да қозғалды. Динаның jet сұрағаны рас па? Mahabbat Quiz-дің толық шығарылымын көріп, жұппен жақынырақ таныс бол.


Фото: Instagram

Поделиться: