«Маңғыстаудың таңғажайып табиғатында адасып кеткендей күй кештік»,–
деп жазды блогер.
Суреттерден өңірдің керемет көрінісімен қатар, блогердің таңдаған ерекше образы да көзге түседі. Фототүсірілім үшін ол белгілі отандық брендтің сәнді киімін таңдаған.
Жариялаған жазбадан әртүрлі локацияларда, түрлі киім үлгілерінде түсірілген фотоларды көруге болады.
Желі қолданушылары әсем табиғат пен арудың сұлулығына тәнті болып, пікір қалдырды.
«Манғыстауым!», «Өте әдемі, сөз жоқ», «Бұл жерді өз көзіммен көргім келеді», «Ақтауда тұрып бізде мұндай суреттер жоқ», «Маңғыстаудың сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!» – деп жазды олар.
Фото: Instagram