Розэ
Instagram: roses_are_rosie

Сүйкімді және нәзік киінгенді ұнататындарға арналған әдемі шаш идеясы.

Кейбір қыздар ең нәзік образбарды ұнатады: қызғылт түс, банттар, сүйкімді әшекейлер және жеңіл киім үлгілері. BLACKPINK-тегі Розэ сондай арулардың бірі. Бұл жолы әнші эмо стилінен шабыттанған киім үлгісін таңдады — қызғылт пен қараның үйлесімі. Бірақ, көйлектің сүйкімді етегі мен жағасы лукты өте нәзік етті. Ал, бант тағылған шаш үлгісі бұл көңіл-күйді толықтырды.

Розэнің шашының сәндеуін қайталау қиын болып көрінеді, бірақ олай емес. Саған тек шашыңды жақсылап тарап, сәл қаттырақ болу үшін оған текстуралық спрей себу керек. Содан кейін бұрымыңды бөліп, әрқайсысын ішке қарай бұра. Оларды бір-бірімен байланыстыр. Шаш үлгісін түйреуіштермен бекіт — дайын! Банттары бар шаш қыстырғыштарды қосу ғана қалады және сен кездесуге бара аласың.


Фото: Instagram

Поделиться: