Қазақстанда қанша адам тұрады
Unsplash: Andrey Olesko

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы жаңартылған деректерді ұсынды.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 19 миллион 899 мың 377 адамды құрады.

Елдегі 12,3 миллион адам қала тұрғындарына, 7,5 миллион адам ауыл тұрғындарына жатады.

Жыл басынан бері халық саны 132 мың адамға өсті, оның 125 мыңы – табиғи өсім есебінен (туылғандар саны қайтыс болғандар санынан асып түсті), 6,6 мың адам — көші-қонның оң сальдосы.

Өңірлердің ішінде ең көп халық саны Алматы қаласында — 2 191 314 адам. Одан кейін Түркістан облысы — 2 133 559 адам, топ-3 Алматы облысы — 1 518 282 тұрғын санын құрайды.

Астана халық саны бойынша төртінші орында — 1 383 291 адам, Жамбыл облысы бесінші орында — 1 222 257 тұрғын.

Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан халқы 261 845 адамға өсті.


Фото: Unsplash

Поделиться: