12 мамырда атап өтілген аналар күнінде «Кеш YOU» экс-солисті, әнші Балжан Бидаш анасымен әсерлі кадрлар жариялады — жанкүйерлер олардың қатты ұқсайтынын айтып жатты.
«Мен үшін аязда тоңған, түн ұйқысын төрт бөлген, қателігімді кешірген, минусымды көрмеген, әлемнен мені артық көрген — Анашым. Аналар күні құтты болсын! Анаңызға қоңырау шалып қойыңыз, менің атымнан сәлем айтыңыз»,
деп жазды Балжан.
Оқырмандары жылы фотосессияға бірден өз пікірлерін қалдырды. «Аналары бар адамдар бақытты», «Екі сұлу», «Әдемі», «Барлық аналар бақытты, сау болсын», «Анаңыз қандай әдемі», «Әдемі анадан әдемі қыз өмірге келді», – деп жазды желіде.
Фото: Instagram
Поделиться: