Unsplash: Jordan Whitt

Ана болу — әйел басынын кешіретін керемет күрделі, ғажап және әдемі тәжірибе.

Сенің іс-әрекеттеріңден үміт көп, бірақ бұл сенің 100% мінсіз болуың керек дегенді білдірмейді. Бүгін біз, егер сен балаңа көп нәрсе бере алмағаның үшін өзіңді кінәлі сезінсең, онымен аз уақыт өткізсең және қиын жағдайда не істеу керектігін білмесең не істеу керек екені жайлы айтатын боламыз. 

Объективті бол

Бала саған әлі қатты мұқтаж болған кезде жұмысқа шығуға тура келді делік. Неліктен мұны істеп жатқаныңды есіңе ал. Мына сұрақтарға жауап бер:

• Сені күн сайын жұмысқа баруға не итермелейді?

• Сен қаншалықты бағаланатын жұмысшысың?

• Неліктен сен жұмыс пен бала күтімін қатар алып жүремін деп шештің?

Өзіңнің кәсіби салаңда қол жеткізген бірнеше маңызды жетістіктеріңді еске түсір, сонымен қатар, декреттік демалыста тағы бір жыл өткізіп алсаң, өз салаңды қаншалықты жоғалтуың мүмкін екендігі туралы ақпаратты тап. Осы сұрақтардың барлығына жауап беру саған кінәні жеңуге және дұрыс таңдау жасағаныңа сендіруге ерік береді.

Шынайы бол

Сен қабылдаған шешім – көңіліңнің бұзылуына себеп болмауы керек. Есіңде болсын, бірде-бір жағдай мәңгілікке созылмайды және сен кез-келген жағдайға мүмкіндігінше ыңғайлы түрде бейімделе аласың.

Әрине, қазір сен жұмыста болсаң, тек бала туралы ойлайсың, бірақ үйде барлық ойлар жұмыс міндеттеріне қарай кетеді. Сенің өзіңнің жеке және кәсіби өміріңе шынымен зиян келтіретін нәрсе — жан-жаққа үлгергің келгеннен алатын стресс.

Сен өз міндеттеріңнің әрқайсысына барынша  көңіл болуың керек. Үйге келгенде — хабарландыруларды өшіріп, гаджеттерді пайдаланудан бас тарт. Кеңседе баланың күтушісіне, жұбайыңа немесе әжесіне қоңырау шалмай, мүмкіндігінше пайдалы болуға тырыс.

Unsplash: Jenna Norman

Кінәлі сезінетін адамдардан кеңістігіңді тазала 

Мүмкін сені айналаңдағы біреу кінәлі деп ойлаған шығар? Ана болуға қатысты тақырыптарды талқыламауға мүмкіндік беретін отбасы мүшелерімен және жақындарымен шекараны белгіле. Егер сенің анаң немесе енең жұмыс істеуге деген ұмтылысыңды айыптаса — әңгімені тоқтат, өйткені бұл екеуіңе де, кішкентайыңа да пайдалы болмайды.

Басқа адамдардың дөрекі пікірлерінен абстракциялаудың тағы бір оңай жолы — олардың көзқарасы қайдан шыққанын түсіну. Ойлап қара: бұл адамның өмірінде не болды, ол өзін дұрыс деп санай ма?

Мүмкін сенің қайын енең баламен бірге отыру үшін мансабын аяқтауы керек болған шығар . Ол жалғыз қалып, іші пысқан шығар. Сонымен қатар, күйеуіне тәуелді болғысы келмеген шығар. Бірақ, ол осындай жеңілдіктерге барып, бәрі де осылай жасауы керек деп санайды.

Қолдайтын адамдар құр

Сенің жарың, отбасың, достарың және тіпті күтушің сенің жағдайыңа күшті қолдау көрсете алады. Саған ерекше көмек қажет болатын сәттерді көрсете отырып, арнайы кесте жаса және оны басқалардан сұраудан қорықпа.

Өзгерістер туралы ойла

Қай жерде өзгеріс енгізуге болатынын түсіну үшін жағдайыңды үнемі талда. Өзіңе мына сұрақтарды қой: Менің жұмысым маған ұнай ма? Мен онда дамып жатырмын ба? Маған жалақы жеткілікті ме, әлде басқа нәрсе іздеу керек пе?

Сенің мүдделерің менің отбасыңның мақсаттарына сәйкес келетінін тексер. Сенің алдыңнан ашылған барлық жолдарды мұқият қарап шық және мұның бәріне не көп пайда әкелетінін ойла.

Сен көп нәрсені жіберіп алуың мүмкін екенін мойында

Бұл өте қиын болуы мүмкін, бірақ сен балаңның өміріндегі көптеген маңызды сәттерді өткізіп алатыныңа алдын-ала дайындалуың керек. Сен оның бірінші сөзді айтқанын, тасбақаны қалай көретінін және велосипедпен қалай жүретінін білмеуің мүмкін. Бұл үшін мұңаю қалыпты жағдай, сондықтан саған қол жетімді емес нәрселерді жоқтауға рұқсат ет.

Жағдайды жұбайыңмен немесе әдетте баламен бірге отыратын басқа адаммен талқыла. Ол саған ең тәтті сәттерді жіберіп алмау үшін бейне түсіре ала ма, әлде күні бойы фэйстайммен қоңырау шала ала ма? Мүмкін фотосурет немесе бейне саған осы кінәні жеңуге көмектеседі.

Салыстыруды тоқтат 

Егер сен желіде басқа аналардың қалай жұмыс істейтінін, саяхаттайтынын және баламен үнемі уақыт өткізетінін көрсең, әлеуметтік медиа қалпыңа келуге мүлдем көмектеспейді. Бірақ, сен бұл тамаша өңделген фотосуреттің артында не тұрғанын нақты біле алмайсың.

Unsplash: Helena Lopes

Суреттердегі адамдар сияқты мінсіз болуға тырысуды доғар, қазір қайда екеніңді қабылда және өз өміріңді өзің үшін жағымды ету үшін жұмыс жаса.

Есіңде болсын, бұл мәңгі емес

Жұмыс істеудің пайдасына жасаған қорқынышты таңдауың екеуіңе мәңгі әсер ететін сияқты көрінуі мүмкін, бірақ олай емес. Бала өседі, дамиды, сен бірте-бірте жеткілікті ұйықтай бастайсың және мұндай шашыраңқы болуды тоқтатасың. Сен балаңа берген көптеген уәделерді орындай аласың, сондықтан дәл қазір бұл мүмкін емес деп алаңдама.


Фото: Unsplash

Поделиться: