«Балалар жапа шекпеуі керек»: Мақпал Исабекова бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасы жайлы айтты

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде бұрынғы жұбайымен қарым-қатынасы туралы айтты.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 25 июня 2026, 11:08
Мақпал Исабекова
Instagram: @makosyai

Исабекова сауда орталығында бұрынғы күйеуі және қызымен серуендеп жүрген сәтін көрсетті. Осыдан кейін жанкүйерлер арасында олардың ара қатынастары туралы сұрақтар туындады.

«Біздің балаларымыз бар. Анасы мен әкесі бірге бола алмағаны үшін балалар жапа шекпеуі керек. Бұл – олардың балалық шағы, бірге өткізген уақыты. Бұл – олардың естелігі», –

деді әнші.

Сондай-ақ, ол сторисінде балаларымен бірге түскен бұрынғы жұбайының фотосын жариялады.

«Балалар анасы мен әкесін бірдей жақсы көреді. Сондықтан оларды таңдау жасауға мәжбүрлеп, жүректерін жаралағым келмейді. Әкелері олар үшін әрқашан ең жақсы әке болып қала береді. Балалар менен әкелері туралы ешқашан жаман сөз естімейді. Біздің арамыздағы қарым-қатынас балаларға әсер етпеуі және оларға қатысы болмауы керек», –

деп ағынан жарылды ол.

Еске салайық, биыл көктемде Мақпал Исабекова ажырасқаны туралы мәлімдеген болатын. Әншінің айтуынша, ол күйеуімен бір жыл бұрын айырылысқан.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше