Жаңа деңгей: Ayau LALAGÜL атты екінші альбомын шығарды

12 маусымда қазақстандық әнші әрі ән авторы Ayau өзінің екінші студиялық альбомы — LALAGÜL-ді ұсынды.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 15 июня 2026, 10:41
Ayau LALAGÜL
Фото: Даниил Ярощук

Қазақтілді поп-сахнаның жаңа буынын қалыптастырып жүрген әртіс үшін бұл релиз тек жаңа әндер жинағы емес, шығармашылық тұрғыдан түбегейлі трансформацияның белгісі.

Он тректен тұратын концептуалды альбом лалагүлдің символикасына негізделген. Әйелдік болмыстың нәзіктігі мен көпқырлылығын бейнелейтін гүл мұнда негізгі метафораға айналған: әр ән белгілі бір лилия түріне және өзіндік әйел архетипіне арналған. Егер Ayau-дың алғашқы жұмысы тыңдарманмен ашық диалог құруға бағытталса, LALAGÜL ішкі әлемге жасалған саяхат іспетті.

Альбомдағы фиттер қатарында A.Boo қатысқан SAĞYNU және ZAQ-пен бірлесіп жазылған ÄDEMI тректері бар. Сонымен қатар релизге бұған дейін жарық көрген SÜI, QOO және KET синглдері енген.

Әнжинақта махаббаттың романтикалық бейнесінен гөрі оның күрделі және қарама-қайшы жақтары зерттеледі. Қызғаныш, эмоционалдық манипуляция, тәуелділік, құмарлық пен бақылау секілді сезімдер әндердің негізгі тақырыптарына айналған. Ayau бұл жолы қарым-қатынастар туралы ашық әрі батыл әңгіме қозғайды.

LALAGÜL-мен бірге Ayau толықтай жаңарған визуалды айдентиканы да таныстырды. Бұл — дебюттік кезеңнен саналы түрде бас тарту әрекеті. Бұрынғы образ сыртқы әлеммен байланыс орнатуға ұмтылса, жаңа эстетика ішкі сезімдер мен өзін-өзі тану тақырыбын алдыңғы қатарға шығарады.

Соңғы бірнеше жылда қазақтілді поп-музыка жаңа сапалық деңгейге көтеріліп келеді. Сол толқынның жарқын өкілдерінің бірі саналатын Ayau бұл үнтаспа арқылы өзінің музыкалық және шығармашылық ауқымын кеңейтіп қана қоймай, жанрдың даму бағытына да ықпал ететінін көрсетеді. LALAGÜL — жеңіл тыңдалатын поп-альбомнан гөрі эмоциялар, символдар және әйел тәжірибесі туралы тұтас көркем мәлімдеме.


Фото: Даниил Ярощук

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше