Баян Мақсатқызының әкесі қайтыс болды

Баян Мақсатқызының әкесі Мақсат Мұхитдинов өмірден кеткені белгілі болды.

Бұл туралы қазақстандық тележүргізуші, сондай-ақ продюсердің жақын досы Динара Сатжан әлеуметтік желіде мәлімдеді.

«Менің досым Баян бүгін әкесінен айырылды. Иманды болсын. Адам үшін ең үлкен қайғы»,

деп жазды Динара Сатжан.

Мақсат Мұхитдинов 76 жасында қайтыс болды, өлімнің себебі белгісіз. Ресми түрде Баян Мақсатқызының отбасы түсініктеме берген жоқ.

Баян Алагөзова қазір Қазақстанға жолға шыққаны белгілі болды, отбасымен Таиландта болған еді. Динара Сатжан құрбысын қолдап, Баянның әкесін қатты жақсы көретінін атап өтті.


Фото: Instagram/ @bayanmaxatkyzy

Поделиться: