Әсел Сәдуақасова

Қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова ата-анасымен бірге өмірі туралы айтты.

Ол кәмелетке толғаннан кейін мүмкіндігінше тезірек ата-анасынан бөлек шығуға кеңес береді. 

«Мен 18 жастан кейін ата-анамен бірге тұруды ұсынбайтын едім. Кәмелетке толғаннан кейін ата-анасынан бөлек тұру өте маңызды. Мен 32 жасыма дейін тұрдым. Табысты кинопродюсер және актриса сияқты көрінемін, үлкен ақша табамын, жігіттермен кездесемін, ал шын мәнінде сол балалық психоэмоционалды күйде қалып қойғандаймын»,

деп жазды Әсел Instagram парақшасына. 

«Ата-аналарға тәуелділіктің психоэмоционалды жағдайы-бұл олардың әр сөзі жаныңа батуы, сөздерін жақын қабылдауың. Үнемі кінәні, ұятты, сезініп жүресің. Сол себепті, үйден үлкен ризашылықпен тезірек бөлек шыққан дұрыс. Қазір жақсы ақша табуға мүмкіндік өте көп. Өз өміріңіз үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алуды және қаржылық тұрғыдан тәуелді болмауды үйреніңіз, ең бастысы»,

деп кеңес берді актриса.

Фото: Instagram/ @asselsadvakassova

Поделиться: