Pexels: Ian Turnell

Саған күніне бір дана жеткілікті! Ұялма.

Егер жемістер денсаулықты жақсартуға қабілетті екеніне әлі сенбесең, сиднейлік диетолог-доктор Винсент Кандравинатаны тыңда. Ол 50 жасында 2800 қатысушыны қамтитын американдық зерттеу жайлы айтты..

Эксперимент нәтижесінде флавоноидтары (алмада кездесетін өсімдік полифенолдары)  жоғары тағамдарды жеген адамдарда Альцгеймер синдромының даму қаупі екі-төрт есе төмен екендігі анықталды.

«Иә, алма мидың денсаулығын жақсарта алады. Көлік кілттерін қайда қойғаныңды тезірек еске түсіресің. Сондай-ақ, алма мазасыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі»,

дейді Винсент Кандравината.
Pexels: Tom Swinnen 

Ол флавоноидтар тек алмада ғана емес, басқа көкөністер мен жемістерде де кездесетінін еске салды. Егер сен алманы ұнатпасаң, рационыңа қарақат, шие, алмұрт, шпинат, немесе, мысалы, қырыққабатты қосуға болады. «Сен оларды шоколад пен шараптан таба аласың! Бұл қосылыстар біздің денсаулығымызға өте пайдалы», — деп қосты доктор Кандравината.


Фото: Pexels

Поделиться: