Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 15 сәуірде Қазақстанға тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайтын заң қабылдағаны үшін ризашылығын білдірді.

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори жаңа заң гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрін жоюға бағытталған маңызды қадамды білдіреді. Бұл заңнамалық шешім Қазақстанның адам құқықтарын, әсіресе әйелдерді, балаларды және әлеуметтік осал топтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға деген ұмтылысын көрсетеді. 

«Бұл гендерлік зорлық-зомбылықты жою жолындағы қадам», – деп санайды Микаэла Фриберг-Стори.

БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізе отырып, Қазақстан мұндай мінез-құлықтың қолайсыз екенін, ал кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылатынын білдірді дейді.

«Бұл маңызды қадам гендерлік теңдікке ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан аман қалған адамдардың өмірін қалпына келтіру үшін сот төрелігі мен қолдау қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді»,

деді ол.

БҰҰ, сонымен қатар, Қазақстанды тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабардарлықты арттыруды, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлерін оқытуды, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан аман қалған адамдарды қолдау тетіктерін құруды қоса алғанда, осы заңды тиімді енгізу және қолдану жолында күш салуды жалғастыруға шақырды.

«Мұндай кешенді тәсіл барлық адамдар өз үйлерінде қорқынышсыз және зорлық-зомбылықсыз өмір сүре алатын қоғам құру үшін қажет»,

деп атап өтті Фриберг-Стори.

Оның айтуынша, БҰҰ гендерлік зорлық-зомбылықты жою және теңдік және қадір-қасиет мәдениетін ілгерілету бойынша Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңға қол қойды. Құжат «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады.


Фото: Unsplash

Поделиться: