Сарапшылар Қазақстанда кем дегенде 4,4% азаматтың ақшаның тапшылығынан аш қалуы мүмкін деп алаңдайтынын анықтады. Елдегі азық-түлік қауіпсіздігі жағдайы туралы оқы.
Баға өсімі ешқашан халықтың назарынан тыс қалмайды. Биыл азық-түлік инфляциясы Қазақстанда салыстырмалы түрде төмен деңгейде (5,1%) қалып отыр. Дегенмен, тіпті аз ғана бағаның өсуі кейбір азаматтарды өздеріне келгенде үнемдеуге мәжбүр етуі мүмкін.
EnergyProm порталының хабарлауынша, кейбір қазақстандықтар ең маңызды нәрседен — сау тамақтанудан бас тартуға мәжбүр. Азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жүргізілген сауалнама нәтижесінде респонденттердің 4,4%-ы ақшаның немесе басқа ресурстардың жетіспеушілігінен азық-түлікке тапшылық көретіндеріне алаңдайтынын жеткізген. Тағы 2,8%-ына жауап беру қиынға соққан, ал 2,4%-ы жауап беруден бас тартқан. 90,4%-ы азық-түлік жетіспеушілігін сезінбейтінін айтқан. Сонымен қатар, респонденттердің 2,4%-ы қаржы тапшылығынан денсаулығына пайдалы және қоректік тағам ішуге мүмкіндіктері болмағанын, 3,2%-ы тек бірнеше түрлі тамақпен ғана шектелгенін, ал 0,9%-ы ас ішу уақытын өткізіп жібергенін атап өткен.
Өнімдерге тікелей үнемдеуге мәжбүр болған, яғни қажет мөлшерде тамақ жемеген респонденттердің саны – 1,2%. Тағы 1,1%-ы үйде тамақ қалмағанын айтады. Қаржының тапшылығынан бір күн бойы тамақ ішпегендер шамамен 0,6%-ды құраса, аш қалғандары — 0,7%.
Айта кету керек, сұрақтарға жауап беруде азаматтардың бір бөлігі қиындыққа тап болған немесе шындықты айтпаған, сондықтан қиын жағдайда қалған азаматтардың саны шын мәнінде көбірек болуы мүмкін.
Фото: Unsplash