Қазақстандықтар 2024 жылдың мамыр айында қанша күн демалады
Unsplash: Andreea Popescu

Бұл айда 11 демалыс күні бар.

2024 жылдың мамыр айында қазақстандықтар бірден бірнеше мемлекеттік мерекені атап өтеді.

«ҚР мерекелері туралы» заңның 3-бабына сәйкес, мамырда қазақстандықтар үш мерекені тойлайды:

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр — Жеңіс күні.

2024 жылы демалыс күндерін ауыстыру жөніндегі ұсынысты ҚР еңбек кодексінің негізінде жасаған. Құжатқа сәйкес, жұмыс уақытын тиімді қолдану үшін мереке күндері мен демалыс күндері құзыретті орган демалыс күндерді өзге жұмыс күніне алмастыруға құқылы. 

Осылайша, жұмыс күндері мен демалыс күндерінің кестесі төмендегідей болады:

  • бес күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр — демалыс, 2-3 мамыр — жұмыс, 4 және 5 мамыр — демалыс, 6 мамыр — жұмыс, 7 мамыр — демалыс, 8 мамыр — жұмыс, 9 мамыр — демалыс, 10 мамыр — жұмыс;
  • алты күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр — демалыс, 2, 3, 4 мамыр — жұмыс, 5 мамыр — демалыс, 6 мамыр — жұмыс, 7 мамыр — демалыс, 8 мамыр — жұмыс, 9 мамыр — демалыс, 10 және 11 мамыр — жұмыс, 12 мамыр — демалыс.

Фото: Unsplash

Поделиться: