Кристина Михайлова «Сны реки»

Режиссер Кристина Михайлова дебюттік деректі фильмдерін әзірлеу жөнінде Women Circle халықаралық бағдарламасының алғашқы қатысушысы атанып отыр. 

Кристина Михайлова режиссерлік ететін және Дана Сабитова продюсерлік ететін «Сны реки» көркем-деректі фильмі Алматы облысы өзендерінің өмірі туралы баяндайды. Атап айтқанда, фильмде Ақсай өзенінің жолы зерттеледі.

Дана Сабитованың айтуынша, бағдарлама «Сны реки» фильмін жасаушыларға Бриджит О’Ши, Диана Эль Джейруди, Паула Ваккаро және Билян Туторов сияқты тәлімгерлермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламада Сербия, Хорватия және Италиядағы үш модуль бар. Қазір фильм түсіруге көмектесуге дайын шетелдік серіктестерді іздеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар, екі әйел де Германиядағы Don Leipzig халықаралық деректі кинофестивальінің Doco-ProMarket копродукциялық нарығының алғашқы қатысушылары болды.


Фото: Instagram

Поделиться: