Қазақстандық модель Кристина Менисова National Social Media Award нұсқасы бойынша «Жыл моделі» атанды.

Іс-шара жыл сайын Лондон, Лос-Анджелес және Дубайда өтеді, онда желі қолданушылары көрнекті инфлюенсерлерді, әртістерді және ең жақсы брендтерді таңдайды. Мәселен, алматылық ару өзінің кәсіби саласындағы маңызды жүлдесін жеңіп алып, үздік модель атанды.

Естеріңе сала кетейік, ару танымал брендтердің сән көрсетілімдеріне ғана емес, сонымен қатар журналдардың беттерінен де көрінді. Кристина бұған дейін Vogue, Marie Claire, Elle сияқты журналдардың мұқабаларында пайда болған.

Кристина өз санатындағы жүлде үшін 5 үміткер күрескенін айтты. Дауыс беру әлеуметтік желілерде өтті, онда қыздардың подиумдағы және мансаптық жетістіктері ұсынылды.

«Менің әлеуметтік желілердегі оқырмандарым түріндегі керемет қауымдастығым бар. Олар мені қолдайды. Мысалы, мен модельдік мансапты алғаш бастаған кезде және АҚШ-қа көшіп келгенімде, оқырмандарым Лос-Анджелестегі агенттіктердің үлкен тізімін жіберді. Бұл менің алғашқы сыйлығым және оны Лос-Анджелесте алғаным кездейсоқтық емес»,

дейді ол.

Айтпақшы, ұлттық әлеуметтік медиа сыйлығы – Кристинаның үшінші халықаралық жеңісі. Бұрын қыз Glamour Bulgaria және Fashion TV Russia Model of the 2023 нұсқасы бойынша жыл моделі атанған.


Фото: Instagram

Поделиться: