International Woman’s Day жаһандық бастама ең білікті вакцина жасаушы әйелдердің есімдерін жариялады. Бұл тізімде қазақстандық Күнсұлу Закарья да бар.

Ол «COVID-19» коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина жасау» ғылыми-техникалық бағдарламасының жетекшісі. Күнсұлу вакцинацияны дамытатын әйелдердің әлемдік рейтингіне енді.

Ұйымның пікірінше, пандемиямен күресуге Сара Гилберт (AstraZeneca), Катрин Янсен (Moderna), Кизмекия Корбе (Moderna), Елена Смолярчук (Sputnik V), Сумати Кей (Covaxin India), Хэнэке Шутмэкер (Johnson&Johnson) және Озлем Туречи (BioNTech) де айтарлықтай үлес қосты.

Күнсұлу Закарья
Фото: gov.kz

Қазақстандық QazVac — тазартылған концентрацияланған инактивтендірілген вакцина. Оны әзірлеу технологиясы уақытпен тексерілген, оның барлық компоненттері сенімді, өйткені олар басқа вакциналарды жасау кезінде сыналған. Оның тиімділігі, зерттеулер мен қолдану тәжірибесіне сәйкес, 90%-дан жоғары.

Қазақстандық ғалым әйелге келетін болсақ, желіден алынған мәліметтер бойынша, Күнсұлу Закарья биологиялық қауіпсіздік саласындағы беделді ғалым екені белгілі болады. Оның ғылыми зерттеулерінің негізгі нәтижелері Lancet-тің EClinicalMedicine, Frontiers in Microbiology, Infectious Diseases of Poverty, Veterinary Microbiology, Tropical Animal Health and Production, Plant Protection Science сияқты жоғары рейтингі бар халықаралық журналдарда ғылыми мақалалар ретінде жарияланды. 

Сонымен қатар, ол көптеген ғылыми жарияланымдардың, монографиялардың, патенттердің және профилактикалық және диагностикалық препараттарды өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттардың авторы, сондай-ақ «Биоқауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының бас редакторы.

Бұрын мемлекеттік ғылыми мекемелерде басшылық қызметтер атқарған. Биографиясынан 2024 жылдың қаңтарында ҚР Президентінің ғылым және технологиялар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалғаны туралы ақпарат та бар.


Фото: Unsplash

Поделиться: