некені онлайн

Қазнетте 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап некені онлайн форматта жасауға болатындығы туралы жазуда. Рас-өтірігін анықтаймыз.

Қысқаша айтсақ, жоқ.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда неке қию сәл өзгеше болады, алайда бұл үшін жас жұбайлардың жеке қатысуы талап етілетін болады.

«Бұл өтірік. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда некеге тұру рәсімі біршама өзгереді, бірақ жас жұбайлардың қатысуы маңызды. 1 шілдеден бастап некені АХАТ емес, ХҚО қызметкерлері тіркейді. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-қа беріледі.
Бұл ретте жаңашылдыққа қарамастан, некеге тұру бұрынғы АХАТ ғимараттарында жүзеге асырылады, олар енді мемлекеттік корпорацияның бэк-офистері деп аталады. Яғни, жас жұбайлар қалауы бойынша салтанатты түрде некеге тұра алады»,

деп жазылған хабарламада.

Демек, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап некені онлайн режимінде тіркеуге болатындығы туралы хабарлама шындыққа жанаспайды.


Фото: Unsplash

Поделиться: