Казахстан Сейшеллы виза
Unsplash: Datingjungle

Қазақстандықтар енді Сейшелге әр алты айда 30 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге визасыз кіре алады.

Қазақстан мен Сейшел арасындағы визасыз режим күшіне енді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. 

«6 қаңтарда Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы визасыз режим күшіне енді. Қазақстан мен Сейшел аралдары 2023 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының аясында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Сейшел аралдарының Сыртқы істер және туризм министрі Сильвестр Радегонд екіжақты қатынастарды дамыту және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдар бойынша келіссөздер жүргізді»,

деді Айбек Смадияров

Келісім әрбір жарты жылда 30 күнтізбелік күнге дейін кіру кезінде паспорттардың барлық түрлері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді.


Фото: Unsplash

Поделиться: