Қазақстан мен Сейшел
Unsplash: ConvertKit

Қазақстан мен Сейшел үкіметтері визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Сейшел Республикасы арасындағы келісімнің мәтінінде тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағына бір немесе бірнеше рет келу, кету, транзит, уақытша болу үшін визалық талаптардан олар келген күннен бастап күнтізбенің 30 күнінен аспайтын мерзімге 180 күнтізбелік күн ішінде босатылатыны көрсетілген.

Бұл ретте Сейшел аралдарына келгісі келетін қазақстандықтардың міндетті түрде жарамды паспорты және отанына оралғанын растайтын құжаты болуы тиіс. 

Қазақстан мен Сейшел
Unsplash: Datingscout

Алайда, әрбір тарап бұл туралы екінші тарапты дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар ете отырып, келісімді бұза алады.

«Мұндай жағдайда  келісімнің қолданылуы осындай хабарламаны алған күннен бастап 90 күнтізбелік күн өткен соң тоқтатылады»,

делінген құжат мәтінінде. 

Қазір Үкіметтің осы келісімге қол қою туралы қаулысы көпшіліктің талқылауында. Оған 28 тамызға дейін қатысуға болады.


Фото: Unsplash

Поделиться: