Instagram: ss.tomiris_

«Қазақстан аруы» сұлулық байқауының ұйымдастырушылары қатысушылардың жасына байланысты талаптардың өзгергені туралы хабарлады. Енді оған 18 жастан асқан барлық бойжеткен үміткер бола алады.

«Биыл «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауы халықаралық конкурстардың жаңашылдығын қолдап, қатысушыларға қойылған жасқа байланысты шектеулерді алып тастау арқылы тарихи қадам жасады. Енді байқауға кәмелеттік жасқа толған, қатысуға ниеті бар барлық ару бағын сынай алады. Жас шектеуге қатысты толық ақпаратты кастинг бөлімінен анықтауға болады»,

дейді ұйымдастырушылар.

Былтыр тек 26 жасқа дейінгі арулар бақтарын сынай алатын.

Қалған талаптар әлі де өзгеріссіз қалды: қатысушы 18 жасқа толуы керек, оның балалары, неке тәжірибесі және соттылығы болмауы керек, ал бойы 165 см-ден жоғары болуы қажет.

Қазіргі уақытта «Қазақстан аруы 2024»-ке қатысуға арналған кастингтер еліміздің барлық қалаларында басталды.

Конкурс талаптарына сай келетін әр қыз өтінімді онлайн толтырып, кастингке келе алады.


Фото: Instagram

Поделиться: