
Гастроорталықтың директоры Қуандық Бишімбаевтың ағасы ұсталды. Бұл туралы ақпаратты Астананың Бас прокуроры Ерлан Өтегенов растады.
«Білесіз бе, іс тергелуде, барлық сараптамалық зерттеулер жүргізілуде. Бишімбаев ИВС-ға қамалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасы — екі айға қамауға алу санкцияланды. Тергеу әрекеттері жалғасуда. Ол (Бишімбаевтың ұсталған ағасы) Гастроорталықтың директоры болып табылады, олардың туыстық қатынастары бар»,
деді Өтегенов.
Сондай-ақ, ол сол күні бейнекамералардан жазбаларды жойғанын растады. Бірақ олар қалпына келтірілді.
Елордалық полицияда Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі өлтірілген au мейрамханасында бақылау камераларынан алынған бейнематериалдарды зерттеу жалғасуда.
Еске сала кетейік, 9 қарашада BAU мейрамханасында Салтанат Нүкенова өлтірілген болатын. Оның өліміне жұбайы — бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев күдіктелуде.
14 қарашада Гастроорталықтың директоры екі айға қамауға алынғаны белгілі болды. Бұған дейін күдікті — экс-министр Қуандық Бишімбаев та осындай мерзімге қамауға алынған болатын.
Нукенованың өліміне байланысты полиция қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғады:
- 119-баптың 3 тармағы «қауіпті жағдайда қалдыру»;
- 432-бап «қылмысты жасыру»;
- 434-бап «қылмыс туралы хабарламау».
Фото: Facebook