Қазақстандық блогер Карина Оксукпаева жұбайымен бірге жаңа жалдамалы баспана тапқанын айтып, пәтер бойынша рум-тур жасап көрсетті.

Бұған дейін Арман Юсупов жалдамалы пәтер иелері жалдау ақысын бірден 500 мың теңгеге көтеруді ұйғарғанын айтқан болатын. Нәтижесінде ол әйелімен бірге жаңа баспана табуға шешім қабылдаған.

Блогер жаңа жалдамалы пәтер тапқандарын, осы аптада көшетіндерін айтты. Енді олар ай сайын 1 миллион теңге төлейтін болады. 

Арман Юсупов өз парақшасында неліктен әйелімен бірге пәтер жалдап, жеке тұрғын үй сатып алмайтынын түсіндірді.

«Мен сіздерге қазір не себепті пәтер сатып алмайтынымызды түсіндіремін. Біз өзіңнің онша емес пәтеріңде тұрғанша, жалдамалы жақсы пәтерде тұрғанды жөн санаймыз. Біз өмір сүрген жер біздің ойлау ауқымымызға сәйкес келуі керек. Осы күнге дейін біз жалдамалы пәтерге 16-17 миллион теңге құрттық. Бірақ, сәйкесінше, табыс көзі де жақсы болды. Біз мұнда өмір сүретін адамдар сияқты өмір сүреміз, ал баспана өте қымбат. Міне, осы барлық жағдайларға қараңыз және бұл өмірге керемет әсер етеді»,

деді блогер.

Фото: Instagram/ @yussupov21

Поделиться: