Апталық жұлдыз жорамал 12-18 қыркүйек

Жұлдыздар не дейді? 

Қыркүйектің ортасы – бастаған істі аяқтайтын уақыт. Бірақ барлығын ой елегінен өткізіп, асықпай, байыппен шешім қабылдау керек. Әр жұлдыз жорамал өкілдерін 12 мен 18 қыркүйек күндері не күтіп тұрғанын айтамыз.

Тоқты

Сіздің көңіл-күйіңізге әсер ететін көптеген жағымсыз нәрселер болады. Сонда да жағымды дүниелерге назар аударуға тырысыңыз. Шығармашылық және романтикалық күндер үшін жақсы уақыт.

Торпақ

Осы аптаны отбасы мен үйді реттеуге арнаңыз. Барлығын бірден қамтуға тырыспай, тек бір нәрсеге назарыңызды аударыңыз. Денсаулығыңызға қараңыз. Салғырттық танытуға болмайды. 

Егіздер

12-18 қыркүйек аралығындағы жұлдыз жорамал Егіздер үшін көптеген жағымды кездесулер дайындады. Сіз бір жерде тым ұзақ тұрып қалдыңыз, енді демалуға және барлық қарым-қатынас орнатудағы жақсы қасиеттеріңізді көрсетуге уақыт келді.

Шаян

Сізде қосымша табыс табу мүмкіндігі болады немесе сізге жаңа лауазым ұсынылады. Сыйлық немесе лотереяда кенеттен ұтысқа ие болуыңызда әбден мүмкін. Қаражатты ақылмен басқарыңыз, бәрін бірден жұмсамаңыз.

Арыстан

Әрқашан назарда жүруді сағыдыңыз ба? Осы аптада оның көп болғаны соншалық, тіпті арыстандар болып жатқан оқиғалардың ортасында болудан шаршайды. Сыртқы келбетті өзгерту үшін жақсы кезең. Шаш түсін өзгертсеңіз де болады. 

Бикеш 

Қыркүйектің белсенді басталуынан кейін тыныштық кезеңі басталады. Бикештерге қаладан тыныш, оқшауланған жерге баруға кеңес беріледі. Рухани тәжірибе жасау, медитация жасау және шығармашылықпен айналысу жақсы болады. 

Таразы

Осы аптада басқалардан көмек алудан бас тартпаңыз. Барлығын шын жүректен және жақсы ниетпен жасау маңызды. Бұл сіздің ең асыл тілегіңіздің орындалуына жақындауыңызға көмектеседі.

Сарышаян

Сіз басты назарда боласыз, лауазымыңыздың өсуі де әбден мүмкін. Ескі досыңызға көмегіңіз тиюі мүмкін, қолыңыздан келгеннің бәрін жасауға тырысыңыз, бірақ өзіңіздің жоспарларыңызға зиян тигізбеңіз. 

Мерген

Неге саяхатқа аттанбасқа? Жұлдыздар Мергендерге жаңа әсер алуға уақыты келді дейді. Достарыңызды алып, демалып, керемет оқиғаларды бастан кешіріңіз. 

Тауешкі

Осы аптада Тауешкілердің айналасында болатын стресстік жағдайлардың жеткілікті мөлшеріне қарамастан, белгі мүшілері үшін бәрі сәтті болады. Бірақ қырағылықты жоғалтпаңыз, абай болыңыз.

Суқұйғыш

Басқа адамдардың қателіктерінен сабақ алуға дайын болыңыз. Сіз үшін серіктес жаңа жағынан ашылады. Бұл сіздің бірлестігіңізді нығайтуға және қателіктермен жұмыс істеуге көмектеседі.

Балықтар

Сіз барлық істерді ретке келтіргіңіз келеді. Гардеробты өзгерткіңіз немесе шашыңызды ашық түске бояғыңыз келіп кетуі мүмкін. Тек барлығы сәтті, сапалы болуы үшін бәрін жоспарлауды ұмытпаңыз. 


Фото: Pexels/Sindre Strøm

Поделиться: