Апскертинг Семейде ер адам белдемше астынан әйелдерді суретке түсірді
Shutterstock: Andrey_Popov

 Күдіктіні тапты.

Әлеуметтік желілер мониторингі барысында Абай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері белгісіз ер адам әйелдерді белдемше астынан суретке түсірген бейнежазбаны анықтады.

Тәртіп сақшылары облыс орталығының 55 жастағы тұрғынын анықтады, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды (әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық).

Осы баптың санкциясымен он бес күннен отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген.

Материал шешім қабылдау үшін Семей қаласының әкімшілік сотына жіберілді.


Фото: Shutterstock

Поделиться: