Қандай киімдерді кір жуғыш машинада жууға болмайды
Pexels: Sarah Chai 

Расымен, бәрін кір жуғыш машинада жууға болмайды. Біліп жүр.

Металлдан немесе тастардан жасалған сәндік элементтері бар киім. Мәселе мынада, бұл элементтер машинаны немесе басқа заттарды зақымдауы мүмкін. Оларды қолмен жуған дұрыс.

Көрпелер мен матрацтар. Су мен жуғыш зат олардың үстіне біркелкі таралмауы мүмкін. Сонымен қатар, әдетте матрацтар мен көрпелердің салмағы өте ауыр болады, ал дымқыл болған кезде олар одан да қатты ауырлап  кетеді.

Аяқ киім. Олар кір жуғыш машинаның өзін зақымдауы мүмкін. Егер сен режимді дұрыс таңдамасаң, онда аяқ киімнің өзін бұзасың.

Резеңке төсеніштер. Желім мен резеңкенің ұсақ бөлшектеріне байланысты тұрмыстық техника істен шығуы мүмкін.

Жұмсақ ойыншықтар. Олардың көпшілігінде электронды компоненттер немесе кішкентай шарлар бар. Жуу процесінде ойыншық жыртылуы мүмкін, содан кейін шарлар сүзгіні бітеп тастайды.


Фото: Pexels

Поделиться: