«Зamandas» подкастына қонаққа келген актер жары екеуінің қарым-қатынасы қалай өзгергенін айтып берді. Тәуекелдің сөзінше, некенің алғашқы жылдары ол Махаббатқа қаталдық танытқан.
«Ол біздің отбасымызға келген кезде, анам үнемі: «Келін осындай болу керек, былай болу керек» деп айтатын. Мен де сол көзқарасты ұстандым. Яғни: «Сен мені сыйлауың керек, мені тыңдауың керек, өйткені бұл жерде бәрін мен шешемін» деген сияқты» , —
деді Мүсілім.
Уақыт өте келе Тәуекел өзін жарының орнына қойып, ойын өзгерте бастаған.
«Бірақ, кейін мен түсіндім: бәрі тек менің айтқаныммен болуы керек деп талап ету дұрыс емес екен. Себебі менің ойым әрдайым дұрыс болмауы мүмкін. Мен де қателесуім мүмкін. Сосын ол маған: «Мені түсінуге тырысшы» деп сөйлесе бастағанда, мен ойлана бастадым. Негізі, үйленбей тұрып-ақ мен өзімді басқа адамның орнына қойып көруге, оның не үшін олай ойлайтынын түсінуге тырысатынмын. Ал өзімді шынымен оның орнына қойып қараған кезде, оның сөзінде де шындық бар екенін түсіндім. Оған да ауыр болғанын, қолдау керек екенін ұқтым» , —
деп ашылды актер.
Тәуекел әйелінің жағдайын түсініп, жұмсара бастағанда анасының ренжіп қалғанын да жасырмады.
«Анам мінезімнің әкеме ұқсамайтынын айтты, әлсізсің деді. Мен әйелдердің арасында өстіп. Қалай қатал боламын?!» , —
деп бөлісті Тәуекел.
Фото: Instagram