Алматылықтар музыкант Darkhan Juzz-бен қоштасты

Алматылықтар Таиландта жол апатынан қаза тапқан дарынды жас музыкант Дархан Жүнісбековпен қоштасты.

Жас әртіс Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді. Оның өлімі туыстарын, әріптестерін және оның өнерін жақсы көретіндердің бәрін дүр сілкіндірді. Әріптестер мен жанкүйерлер сүйікті әншілерін соңғы сапарға шығарып салу үшін қоштасуға жиналды. Жиналғандар әншінің елге танылған өлеңдерін айтып, гүл мен шамдар қойып оны еске алды.

Естеріңізге сала кетейік, 31 жастағы қазақстандық орындаушының қайтыс болғаны туралы 24 ақпанда белгілі болды. ҚР СІМ-де музыканттың өлімінің мән-жайы анықталды.


Фото: Instagram/ @d.juzz / @ainuras_pleasure

Поделиться: