Қазақстандық актриса және дизайнер Айжұлдыз Адайбекова өзінің Instagram парақшасында Еуропадағы демалыста түскен суреттерімен бөлісті. Кадрларға қарағанда, сүйікті әншісінің концертіне барған.

Белгілі қазақстандық әнші Жанар Айжанованың қызы Милан, Будапешт және Ыстамбұлда түскен суреттерімен бөлісті.

Айжұлдыз Италияда канадалық орындаушы The Weeknd концертіне қатысты. 

«Тағы бір мақсат орындалды! Мен сүйікті әншіммен кездестім! Ерекше сезім мен іштегі көбелектер үшін. Рахмет, Әбеке (The Weeknd шын аты Абель Макконен Тесфайе)»,

деп жазды видеоның астына.

Посттардың бірінде Айжұлдыз оны Венгрия ерекше таң қалдырғанын мойындады. 

«Мен бұл елге ғашық болдым»,

деп жазды актриса.

Фото: Instagram

Поделиться: