Сен күндеріңнің неге мұңды және қиын өтіп жатқанын білмеуің мүмкін, бұл «сәтсіз апта» болғандықтан емес, тек таңды қалай бастағаныңа байланысты.

Бұл туралы психолог Мишель Лено New York Post газетіне берген сұхбатында айтады. Ол күнді бақытты ету үшін бас тарту керек таңертеңгі төрт әдетті атады:

  1. Оянғаннан кейін телефонды алма. Көптеген адамдар оянғаннан кейін бірден әлеуметтік желілер мен жаңалықтар арналарын ашады. Доктор Лено бұл қателік дейді. «Егер сен жұмыс хаттарын оқуға, хабарламаларға жауап беруге және жаңалықтарды көруге бірден кіріссең, бұл көбінесе стрессті тудырады», – дейді ол.
  2. Оятқышқа қатты әуендер қойма. Көбінесе адамдар бірден ояну үшін қатты және күшті дыбыстарды қояды, бірақ осылайша сен тек стресс деңгейін көтересің. «Оятқышқа бірте-бірте күшейетін әуен қой, сонда сенің денең шиеленіссіз тыныш оянады», – деп кеңес береді сарапшы.
  3. Бірден тұрып кетуге тырыспа. Доктор Леноның айтуынша, денені ояту үшін 15-60 минут қажет. Сондықтан бірден кофе қайнатуға жүгірме және маңызды мәселелерді шешуге кіріспе, оның орнына, мысалы, тыныш душ қабылда.
  4. Кешегі оқиғаларға назар аударма. «Түсінемін, кешегі жағдай туралы ойланбау өте қиын, бірақ бұл тек алаңдаушылық деңгейін арттырады», – деп қосады сарапшы.

Фото: Pexels

Поделиться: