Айым Сейтметова
Instagram @aiymsm

Қазақстандық актриса Айым Сейтметова күйеуімен қалай танысқанын айтты. Ол, сондай-ақ, проблемалар туындаған кезде психологқа бару олар үшін ұят емес екенін мойындады.

«Менің ойымша, біздің таныстық оқиғамыз өте романтикалық. Менің көлігім сынып қалды, жол бойымен келе жатқан едім, дөңгелегім жарылып кетті. Instagram-да өз көлігімді жөндеп жатырмын деп жазып, қайда жасауға болады дедім. Direct-те 150-ге жуық адам маған бір автосервистің аккаунтын жіберді. Мен сонда бардым», — деп Айым әңгімесін бастады.

Парақшаны жіберген адамдар Талғаттың оқырмандары болып шықты. Оның айтуымен аруға автокөлікті тегін жөндеп берген. Жігіт кейін қоңырау шалып, жай ғана көмектескісі келгенін айтты. Айым, сондай-ақ, Талғатқа тұрмысқа шығатыны жайлы көріпкелден естігенін айтты.

«Мен жеке өмірімді түсінгім келіп, көріпкелге бардым. Маған тағдырыңдағы адамды танисың деді, ол маған құрметпен қарайтынын және біз бақытты өмір сүретінімізді айтты. Ол кезде мен басқа адам туралы ойладым. Бірақ, кейіннен біздің телефон арқылы таныс екенімізді айтқысы келгенін түсіндім», — деп жалғастырды Айым.

Айым көліктің қайтадан бұзылуына байланысты тағы да жөндеуге баруға мәжбүр болды. Содан кейін олар ақыры кездесті.

«Ол шырттай киініп алыпты, мен ересек адамды көремін деп күттім, өйткені оның дауысы өте төмен болды. Сөйтсем, отыз жастағы жас жігіт.

Мен спорт киіммен, макияжсыз келдім, шашымды жинадым, қызарып кеткенмін, жаз болды, өте ыстық. Оны көргенде, қашып кеткім келді. Сол түрде адаммен танысуға ыңғайсыздандым.

Осылайша, біз таныстық, оның да қобалжығанын байқадым. Біз керемет сөйлестік. Менің жүрегімде бірден сезім пайда болды. Сол сәтте мен ауада бір нәрсе бар екенін түсіндім»,

деп мойындады актриса.

Айым күйеуінің өзінен 10 жас үлкен екендігі қиындықтар туындатпайтынын атап өтті.

«Отбасылық психологқа бару біз үшін ұят емес. Ол қатарлас еркектердің көпшілігі мұны түсінбейді. Кейде ол психологқа баруды ұсынады, егер тығырыққа тірелсек. Әрқашан отбасын сақтау туралы барлық бастамаларды ол жасайды. Әрқашан бәрін өз қолына алады, мені тыныштандыруға тырысады және бізге не істеу керектігін айтады. Мен әлі есеймеген шығармын, бірақ соған бара жатырмын», — деді ол.

Айта кетейік, өткен жылдың наурыз айында Айым Сейтметова алғаш рет ана атанды. Ерлі-зайыптылардың қызы дүниеге келді.


Фото: Instagram

Поделиться: