Айдана Меденова орамал

Айдана Instagram желісінде орамалға қалай, не себепті келгені жайлы айтты. 

«Иә, мен басыма орамал тақтым. Бұл шешімімді түсінбей жатқандар да бар. Мүмкін кейбір адамдар «Айдана бір күнде оранып шыға келді, асығыс шешім жасады» дейтін шығар. Бірақ бұл аяқ астынан жасалған шешім емес. Бұл күнге жеті үшін ұзақ дайындалдым»,

деп бастады әнші. 

Сонымен қатар, Айдана өміріндегі өзгерістер жайлы айта бермейтінін, 4 жылдан бері намаз оқып жүргенін айтты.

«Алла маған шындықтың есігін ашты. Мен енді оны жоғалтып алмауға барымды саламын. Осы күнге жеткенім – менің Алланың ақ жолындағы кезекті қадамым деп білемі»,

деп толықтырды. 

Әнші, сонымен қатар, орамал тағу намаз оқу секілді парызы екенін айтты. 

«Осы уақытқа дейін бұл қадамға бара алмауымның сал себебін тауып алатынмын. Бірақ қазір ол кедергілерден өттім. Ішкі қайшылықтардың бәрін жеңдім»,

деп аяқтады Айдана. 

Фото: Instagram/ aidanamedenova_officialpage

Поделиться: