Айқын үйін көрсетті

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Алматыдағы жаңа екі қабатты коттедж құрылысының соңғы кезеңін көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жазда Айқын Төлепберген 2021 жылдың күзінде салынып жатқан екі қабатты үйін көрсеткен болатын. Сол кезде орындаушы өзінің отбасы үшін үлкен үй салуды армандағанын атап өтті.

Бұл жолы әнші қоныс тойының жақындағанын айтты. 

«Үйдің құрылысы соңына жетіп қалды»,

деп жазды ол Instagram-да видеоны жариялап. 

Әртіс барлық бөлмелерді – балалардың бөлмелерін, Жұлдыз екеуінің жатын бөлмесін, қонақ бөлмені, ата-аналарға арналған бөлмені, ас үйді, жуынатын бөлмелерді көрсетті.


Фото: Instagram/ @zhuldyzomirgali_official

Поделиться: