Айқын Төлепберген әкесі жайлы айтты
Instagram: aikyn

Қазақстандық орындаушы Айқын Төлепберген балалық шағының қалай өткенін есіне алып, әкесі берген нағыз қазақи тәрбие туралы айтып берді.

Айқын әкесінің өз өміріндегі рөлі үлкен деп санайды. Орындаушы балалық шақтағы алғашқы естеліктерімен бөлісті және бүгінгі күні әкелік тәрбиенің оған қалай әсер еткенін айтты. 

«Мен Алматы қаласының Атакент ауданында өстім. Біздің үйде 35 пәтер болды, тек екеуінде ғана қазақ отбасы өмір сүрді. Қалғандары басқа ұлттардың өкілдері болды — еврейлер, украиндар, орыстар. Көшеде барлық байланыс орыс тілінде өтті. Бірақ, үйде әкем бізді қазақша сөйлетті. Біз қазақша сөйлестік, жалпы ол нағыз қазақи тәрбие берді. Мен қазір сол қағиданы ұстануға тырысамын. Көшеде біз орыс тілінде сөйлессек те, үйде мен балаларыммен тек қазақша сөйлесемін. Әкем осы іргетасты қалады»,

деп бөлісті әртіс.

Фото: Instagram

Поделиться: