Жизель aespa
Instagram: aerichandesu

Қазір aespa — ең танымал әйелдер K-Pop топтарының бірі. Қыздар жиі саяхаттайды, бейнеклиптер түсіреді және музыкалық шоуларға қатысады.

Тығыз кестелеріне кестеге қарамастан, олардың терісі керемет тазалығын сақтайды.

Жақында «The Puppy Interview» сұқбатында қыздардан терінің бұл күйін қалай сақтайтындарын сұрады. Интервьюер: «Әлемді аралап жүргенде, сендер теріні қалайтаза және балғын ұстайсыңдар?»

Винтер: «Бұл генетика», — деді. Жизель сонымен бірге: «Осындай терімен туылу керек», — деп атап өтті.

Сабырлы тонмен Жизель тері күтімінің құпиясы жайлы бөлісе кетті. Әртіс былай деп бөлісті: «Мен тері күтіміне онша қызығушылық танытпадым. Турлар менің заттарға деген көзқарасымды өзгертті. Мысалы, Лос-Анджелесте мен «Sephora»-ға барамын. Мен тері күтімі косметикасын сатып аламын, және маған ол ұнайды».

Жизель жанкүйерлеріне кеңес берді: «Тәжірибе жаса, саған не сәйкес келетінін тексер және өзіңе күтім жаса. Әр адамға әртүрлі күтім сәйкес келеді».


Фото: Instagram

Поделиться: