Абу-Даби Елена Рыбакина
Shutterstock: Leonard Zhukovsky

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-ші орын) Абу-Дабиде (БАӘ) өткен Abu Dhabi Open-2024 турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Финалда Рыбакина ресейлік Дарья Касаткинамен кездесті (14-ші) және екі сетте жеңіске жетті — 6:1, 6:4. Осылайша, Елена биыл екінші жеңісіне қол жеткізді.

«Мен Дарьяны сәтті өткен аптамен құттықтағым келеді. Сені және сенің командаңды құттықтаймын. Қиын апта, әсіресе соңғы ойындар. Ертең Дохада матч. Сондықтан біз қалпына келіп, сол жерде сәтті өнер көрсетеміз деп үміттенеміз… мүмкін финалда сол жерде ойнайтын шығармыз! Осы аптада бізді қолдауға келген барлық жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Керемет атмосфера болды. Қазақстанның туларын көру ерекше сезім сыйлады. Бұл шынымен де көп нәрсені білдіреді»,

деді Рыбакина. 

Абу-Дабидегі турнирде жеңіске жеткені үшін Қазақстанның үздік теннисшісі 142 000 доллар табыс тапты. Ол, сондай-ақ, 500 рейтингтік ұпай жинады және жаңартылған WTA рейтингінде төртінші орынға ие болады.


Фото: Shutterstock

Поделиться: