Ақерке Бүркітбай
Instagram: akerkeburkitbay
Фото: @thedailykamila

Қобызшы Ақерке Бүркітбай өзінің Instagram-дағы парақшасында жаңа фотосессияның нәтижесімен бөлісті — әртіс өз оқырмандарын таң қалдырды.

«Сезім.Сенім.Еркіндік», – деп Ақерке өзінің жаңа суреттеріне жазба қалдырды. Постта әртіс Атырау қаласын көрсетті. Кейбір суреттерде Ақерке қара жылқының жанында, ал фотосуреттердің бірінде ол ат үстінде отыр. Жас ана атқа мінуге ыңғайлы киім киіп, шашын екіге өрді.

«Сұлусың, бақытты бол, Құдай сені жаман көзден сақтасын», «Уау», «Сезім, сенім мен бостандық бәріне қажет», «Қыз Жібек», «Лара Крофттың қазақша нұсқасы», – деп жазды оған әлеуметтік желі қолданушылары.


Фото: Instagram

Поделиться: