Ақбота-Нұр Сейтмағамбет
Instagram: akbotanurabaykyzy

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет әлеуметтік желіге бетін қан басқан суретін жариялады. Желі қолданушыларын бұл фото шошытты. Олар актрисаны сұрақтың астына алды.

«Бақ па, сор ма туылғаның қыз болып, Ныпсы гүл боп шығу қажет мұз жарып. Аламанға салсаң озар, әй қайдам, Пешенесі тұрғаннан соң тұзданып. Мен -әйелмін, қырық жан бар бойымда, Шырқыраймын, талай уайым қойында. От шарпыса шыдай түсем ерімей, Себебі мен ұқсап кетем-шойынға… Бәлкім, бұл бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі болар. Бәлкім, таңдауға келгендегі әлсіздік пен жаңылыс»,

деп жазды актриса Instagram-дағы парақшасына.

Ал, оқырмандары Ақботаның бұл суретін талқыға алды.

«Өкінішті, Қазақстандағы ең өзекті тақырып қазір», «Шошып кеттік қой», «Әр қыз бақытты болуға лайық», «Жамандық шақырып тұр ғой өзі», «Кино шығар», «Елді шошытпаңыз», «Құрсын, Ақбота! Кинодан үзінді болса да, мынадай суреттер салма. Қажеті жоқ», – деп жазды оқырмандары.


Фото: Instagram

Поделиться: