Бір-біріңізді жақсырақ білуге және кейбір мәселелерді алдын ала шешуге көмектесетін сұрақтар тізімі.

Отбасын құру кез-келген жұп үшін маңызды қадам. Үйлену туралы шешім қабылдамас бұрын, болашақта түсініспеушілікке жол бермеу үшін бірнеше мәселелерді талқылаған жөн. Кейбір ғашықтар сұраудан қорқады, бірақ бекер. Біз сенің болашақ жарыңмен бірге тұруға жақсы дайындалуға көмектесетін тізімді дайындадық. Кеттік!

Үйлену туралы сұрақтар
  1. Сен қаншалықты жиі жалғыз болғанды ұнатасың?
  2. Ата-анаңа қаншалықты жақынсың?
  3. Қалай ойлайсың, біз бөлек бюджетті немесе жалпы бюджетті қарастыруымыз керек пе?
  4. Балалы болғың келе ме? Олай болса, қашан? Егер біз балалы бола алмайтынымызды білсек, қалай әрекет етер едің?
  5. 10 жылдан кейін біздің отбасымызды қалай елестетесің?
  6. Сен неден қорқасың?
  7. Саған жайлы өмір сүру үшін қанша ақша керек?
  8. Бөлек демалуға қалай қарайсың? 
  9. Көзге шөп салу деген сен үшін не?
  10. Ата-анаңа немесе басқа отбасы мүшелеріне қаржылай көмектесесің бе?
  11. Сенде «махаббат тілі» қандай?
  12. Қарым-қатынаста неге жол жоқ?  
  13. Егер менде кенеттен басқа адамға деген сезім пайда болса, не істейсің?
  14. Ата-анаң ұрыс-керісті қалай шешкен?
  15. Біз қайда тұрамыз?
  16. Менің отбасыммен қарым-қатынас қаншалықты жиі болады?
  17. Жыныстық қатынаста не ұнайды? Ал неге жол жоқ?
  18. Менің ұнамайтын тұстарым?
  19. Дін сен үшін қаншалықты маңызды? Бұл біздің өмірімізге әсер етуі мүмкін бе?
  20. Егер мен балаларға қамқорлық жасау себебінен біраз уақыт жұмыс жасамасам, қалай қарайсың?
  21. Отбасында кім тамақ пісіріп, тазалыққа жауап береді?
  22. Қарыздар бар ма? Егер сенен қарызға ақша сұраса, қалай қарайсың?
  23. Демалысты қалай өткізгің келеді?
  24. Егер біз жиі ұрыса бастасақ, қалай әрекет етеміз? Жұптық психотерапияға көзқарасың?
  25. Сен үй жануарларын жақсы көресің бе?
  26. Егер ашулансаң немесе ренжісең, сені қалай қолдауға болады?
  27. Махаббатты қалай білдірген ұнайды?
  28. Қаржылық мақсаттарың қандай?
  29. Сенде қандай саяси көзқарастар бар? Саясат сен үшін қаншалықты маңызды?
  30. Біз өз достарымызды таныстырамыз ба?, әлде әркімнің өз әлеуметтік шеңбері болса, оңайырақ бола ма? 

Фото: Unsplash

Поделиться: