Айару Бақытбек АҚШ

Қазақстандық блогер Айару Бақытбек қазір алып жатқан білімі туралы бөлісті.

Айару Бақытбек американдық білім беру жүйесін жақсы көретінін айтты. Оқырмандары Айарудан АҚШ-тағы оқу жайлы сұрады. 

«Әзірге мен үйде болғым келеді және қашықтықтан оқып жатырмын. Дипломмен жұмыс қызу жүріп жатыр, сонымен қатар процесті жылдамдату және оқу төрт жылға созылмау үшін екінші жаз оқимын деп жоспарлап отырмын»,

деп жауап берді.

Сонымен қатар, Айару американдық білім беру жүйесін жақсы көретіндігін айтты. Оның айтуынша, қанша сабақ аламын десе де, қай уақытта оқыймын десе де өзі біледі, студентке толық еркіндік береді.

«Мен мектепте дәл осылай еркін оқыдым, бірақ қызығушылым аз және бағаларым нашар болды. Кез келген уақытта елге орала аламын: ертең, бір айдан кейін немесе алты айдан кейін»,

дейді Айару.

Фото: Instagram: @aiaru_bb 

Поделиться: