Unsplash: Jazmin Quaynor

Дүкендерде косметика әуесқойларының тауарлардың көптігіне байланысты көздері жан-жаққа жүгіріп кетеді.

Ал, кейбір арулардың үйінде сән блогерлері немесе пайдасыз жарнамалар әсерінен алынған қолданылмаған косметикалармен қоймалар бар. Егер сен қыздардың осы түріне жататын болсаң, онда қажет емес косметикадан арылып, оның орнын басатын зат сатып алу керек . 

Ал, біз қазір сендермен ең пайдалы тауарларды талқылаймыз. Біз бьюти-жолдарын енді бастаған қыздар туралы ұмытпаймыз. Кейде макияж сөмкесінде барлық қажетті заттарды жинау өте қиын. Өйткені, бәрін бірден және көбірек алғымыз келеді. Бірақ, бұл тәсіл мүлде орынды емес, бұл жағдайда косметиканың көп бөлігін қолданбағандықтан ерте ме, кеш пе тастауға тура келеді. Лақтырған дұрыс немесе мүлдем сатып алуға тұрмайтын тауарларды назарыңа ұсынамыз.

Ұштанған шаштарды емдейтін құралдар

Шопинг кезінде дүкен сөрелерінен ұштанған шаштарға арналған көптеген құралдарды оңай байқай аласың. Мұнда түрлі флюидтар, сепкіштер мен маскалар бар. Кез келген нәрсені ал және шашты Рапунцель сияқты сиқырлы түрде өсір. Бірақ, мұндай проблемадан сиқырлы спрейлерді қолдану арқылы арыла алмайтыныңды нағыз сұлулық мамандары ғана түсінеді.

Ұштанған шаштарды жеңудің жалғыз жолы-оларды кесу. Иә, өте қатал және аяусыз. Сау шашты өсіру үшін уақытымен артық жүктен арылу керек, әйтпесе кейінірек сен Медуза Горгонаның қарындасы бола аласың.

Шаш қию кезінде шаштараздан шаштың түріне қандай күтім жасау керек екенін сұра. Қалай болғанда да, бас терісін мұқият тазалап, ұштарын бальзаммен қанықтыруды ұмытпа. Аптасына екі рет маска жасай аласың-бұл артық болмайды!

Қайызғаққа қарсы сусабын 

Шаш тақырыбын жалғастырайық. Тағы бір сен жек көретін қайызғақтан бірнеше күн ішінде құтқаруға уәде беретін тағы бір керемет құралдар бар. Бірақ, бұл шын ба? Расында, қайызғақ бірнеше аурулардың симптомы болуы мүмкін. Біз кез-келген ауруды үйде сусабынмен емес, дәрігермен емдейміз.

Егер, сен осындай проблемадан зардап шегетін болсаң, жалқау болма, трихологқа немесе дерматологқа бар. Тәжірибелі маман саған сауатты күтімді таңдап, ем шараларын тағайындайды. Кез келген сусабын уақытша әрекет етеді және бір сәтте барлық мәселелерді жалғыз шешуді тоқтатады.

Көз бояйтын үлкен палеткалар

Егер, сен ұзақ уақыт бойы макияж тақырыбын бақылап жүрген болсаң, онда бірнеше жыл бұрын үлкен палитраларға қандай бум болғаны есіңде шығар? Инфлюенсерлер мен жай ғана макияж жанкүйерлері қытайлық сайттардан көптеп сатып алып жатты. Иә, және әлі күнге дейін кейбір қыздар түстердің көптігін армандайды. Бірақ,  шынайы болайық. Қарапайым адам үшін көптеген түстердің керегі не? Бізде тек екі көз бар, 120 түсті қайда қолдануға болады?

Тіпті, визажисттер де мұндай әртүрлілікті әрдайым қолдана бермейді. Кәсіби мамандар көбінесе өз сүйікті өнімдерін табады және бірнеше палитрамен жұмыс істейді. Егер, мұндай палитра сенің мақсатың болса, онда сен, әрине, оған қол жеткізе аласың. Бірақ, соңында сен оны тастай салуың мүмкін. 

Мұндай палеткалардың орнына қарапайым нәрсені таңдаған дұрыс. Бастапқыда ең қарапайым реңктерді ал, осылайша сен макияжыңды кез-келген киіммен үйлестіре аласың. Сапалы өнімді таңдауға тырыс.

Unsplash: Gabrielle Henderson

Макияж базасы

Міне, көптеген сұлулық блогерлерінің тағы бір сүйікті өнімі. Ол да мүлде пайдасыз болып шықты. Керемет базаны табу оңай емес. Олардың кейбіреулерінде силикондар бар, олар тері тесігі жоқ мінсіз теріні уәде етеді және іс жүзінде қабынуды тудырады. Басқалары мүлде әсер етпейді. Жалпы, олардың пайдасы жоқ.

Егер сен теріні макияжға дайындауға арналған тамаша өнімді сатып алу туралы ойласаң — жақсы ылғалдандырғыш сатып ал. Мүмкін ол сенің макияж сөмкеңде бар шығар. Оны негіздің орнына жақ және оны міндетті түрде сіңуіне уақыт бер. Сенің терің ылғалданған және  басқа да процедураларға дайын болады!

Пленка маскалары

Пленка — бұл терінің күйін жақсарту үшін ойлап табылмаған біртүрлі бьюти құрал. Егер, сенде осындай маска болса, онда ол бірден қоқыс жәшігіне жіберсең болады. Сенің бетіңде мұндайға орын жоқ. ️ 

Пленкалар кез-келген ластанудан тамаша тазартуға уәде береді. Мен масканы жасадым және косметологқа барып келгендей болдым. Бет жаңаша дем алып жатыр. Шындығында, мұндай құралдар өте көп зиян келтіруі мүмкін. Өйткені, теріңнен бір нәрсені жұлып алу керемет процедура сияқты көрінбейді. Мұндай бұзақылықтың орнына жақсы тазартқыш гель немесе гидрофильді май сатып ал (немесе одан да жақсы). Сондай-ақ, теріні зақымдамайтын және сумен жуылатын сапалы тазартқыш масканы сатып ал.


Фото: Unsplash

Поделиться: