етеккірдің түсі

Біз қандай етеккір денсаулықтың ауыр мәселелерінің белгісі болып саналатынын және қайсысы қалыпты жағдай екені жайлы айтамыз. 

Етеккір қызыл түсті болуы керек пе? Иә, бірақ әрқашан емес. Оның түсі әртүрлі фактілерге байланысты. Етеккірдің шыңында қан қызыл түске ие, ал қан аз болған күндері түсі қызғылт, қоңыр немесе қара болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай ма? Білейік! 

Ашық қызыл

Ашық қызыл қан көбінесе етеккірдің басында, жатырдан қан ең қарқынды шыққан кезде пайда болады. Циклі әлі белгіленбеген жасөспірім қыздарда қызыл түсті разряд болуы мүмкін бұл қалыпты жағдай. 

Бірақ егер сізде цикл тұрақты болса, ал ашық қызыл етеккір үшінші, төртінші және бесінші күндері болса, онда қаралған дұрыс. Мүмкін сен қандай да бір инфекцияны жұқтырған шығарсың? Егер етеккірдің соңында да ашық қызыл түс байқалса, гинекологқа барған жөн. 

Қызғылт

Қан кету енді басталған күндері қан қызғылт болуы мүмкін және бұл қалыпты жағдай. Көбінесе қызғылт етеккір келеді, өйткені қан жатырдағы сұйықтықпен араласып, түсі қарқындылығын жоғалтады.

Бірақ егер етеккірдің ортасында түсі қызғылт болса, бұл эстроген деңгейінің төмендігіне байланысты болуы мүмкін. Немесе жыныстық жолмен берілетін аурудың белгісі болуы ықтимал (мысалы, хламидиоз).

Егер  қызғылт түс уақытында болмаса (мысалы, етеккірге дейін сегіз күн қалғанда), онда жүктілік тестін өт — көбінесе бұл түс жұмыртқаның ұрықтануының белгісі болып табылады.

Қоңыр

Егер етеккір қоңыр түспен басталып, аяқталса, онда бұл дүрбелеңге салатын жағдай емес. Қоңыр етеккір көптеген қыздарда болады. Қоңыр (немесе тіпті бір қарағанда қорқынышты қара) қанның «тоқырағанын», етеккірден кейін жатырдан толық шықпағанын көрсетеді.

Тағы бір нәрсе, егер қара қоңыр етеккір циклдің барлық күндерінде болса және жағымсыз иіспен бірге жүрсе, бірден дәрігерге қаралған дұрыс. Мұның бәрі гормоналды өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Кейде қара түс поликистозды аналық без синдромының себебі болуы мүмкін. Қысқасы, егер бұл сені алаңдатса, гинекологтың қабылдауына жазылғаның жөн.


Фото: Pexels

Поделиться: