Сабина Алтынбекова

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова спортқа оралатынын хабарлады.

Спортшы Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Васл» клубында ойнауды жалғастырады. Спортқа оралғаны жайлы Сабина өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Сапқа қосылдым, қайтадан жеңуге дайынмын. Ауыр дайындық жылы бекер болған жоқ. Al wasl team құрамына кіргеніме қуаныштымын»,

деп жазды ол. 

Волейболшы өзінің жанкүйерлеріне спорттық мансабына қолдау көрсеткені және қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Сабина Алтынбекова 2020 жылдан бері бой көрсетпеген. 2021 жылы спортшы ана атанған болатын. 


Фото: Instagram: @altynbekova_20

Поделиться: