Өз стиліңізді табу оңай шаруа емес.
Тіпті біз қазір қызығып жүрген жұлдыздар, стилисттер жылдар бойы жұмыс жасаудың арқасында жақсы нәтижеге жеткен.
Мысалы, Ким Кардашян, Виктория Бекхэм және Роузи Хантингтон-Уайтлиді алайық. Өте сәнді жұлдыздардың қатарында. Дегенмен, оларда да сәтсіздіктер болған.
Сонымен, өз стиліңізді қалай табуға болады? Сіз стилисттен көмегіне жүгіне аласыз, немесе жұлдыз жорамал бойынша келетін атақты адамдардың киінуіне қарап өзіңіздің стильіңізді қалыптастыруға болады.
Қай жұлдыздың стилі сізге сәйкес келетіні жайлы айтамыз:
Тоқты – Роузи Хантингтон-Уайтли
Тоқты ең сылқым белгілердің бірі, бірақ сонымен бірге ең қыңыр және мақсатына жететін белгі деп айтса болады. Сонымен, сәнді ugly shoes және Balenciaga рухындағы жыртылған заттарға қарағанда сіз классикалық ұзын пальтоға және тамаша лофер аяқ қиімін құптайсыз. Жұлдыздардан Роузи Хантингтон-Уайтли стилін мұқият қарап шығуыңыз керек, олар әр қыздың гардеробындағы базалық киімдерді шебер үйлестіреді.
Торпақ – Джиджи Хадид
Торпақтар – өмірдің әр сәтінен ләззат алуға тырысатын нағыз гедонистер. Кездесу, іскерлік кездесу немесе сауда жасағанда болсын. Бұл белгі өзіне деген сенімділікпен танымал, сондықтан ол бір күні үйден әдемі көйлек киіп, екінші күні төмен, кең джинс шалбарымен оңай шыға алады. Екі рет те керемет көрінеді. Джиджи Хадид те бұл тәсілді мақұлдайды.
Егіздер – Эмили Ратаковски
Ал егіздер бүкіл жұлдыз жорамалдардың ішінен ең шешім әрең қабылдайтыны. Таңертең олар көйлек киюді жоспарлап отырып, ал шығуға бес минут қалғанда олар ұзын, кең көйлек кигісі келіп қалуы мүмкін. Мысал ретінде Эмили Ратажковский алсақ болады, ол үшін ешқандай ереже жоқ. Бұған көз жеткізу үшін оның әлеуметтік желілердегі аккаунтын ашу жеткілікті.
Шаян – Селена Гомес
Шаяндар әдемі нәрселерді жақсы көреді және киім үшін барлық жалақыларын жұмсауға дайын. Салтанатты іс-шаралапда бәрінен ерекше болып жүреді. Бұл Селена Гомес сияқты, ол әрқашан қызыл кілемде қалай жарқырап жүреді, солай достарымен кездесуде де тура солай сәнді болып жүреді.
Арыстан – Кайли Дженнер
Әдетте арыстандар өте мақтаншақ, сонымен қатар жалынды және әр сәрсеге құмар. Сондықтан олар киімді таңдауға да өте мұқият. Сіз ашық киінуден тартынбайсыз және сіз назардан тыс қалмайтыныңызды нақты білесіз. Сондықтан Кайли Дженнер стиліндегі киім үлгілері сізге өте қолайлы.
Бикеш – Зендея
Астрологтар айтқандай, Бикеш көлеңкеде қалуды және өзіне назар аудармауды қалайтын белгі. Бірақ біз бұл туралы, ең болмағанда, сән тұрғысынан дауласуға дайынбыз. Зендаяның стилі сізге сәйкес келеді, барлық сән қауымдастығын өзінің жарқын бейнелерімен таң қалдырады. Айтпақшы, қызыл кілемдерде ғана емес, өмірде де.
Таразы – Белла Хадид
Таразыларда жиі таңдау қиынға соғады, бірақ бұл олардың сәнді киінуіне кедергі болмайды. Тіпті керісінше-көмектеседі. Сіз, бәлкім, Белла сияқты, әр түрлі заттарды шебер үйлестіріп, айналаңыздағы адамдардың назарын аудара аласыз.
Сарышаян – Хейли Бибер
Егер сіз 24 қазаннан 22 қарашаға дейін дүниеге келген болсаңыз, біліңіз: сіздің талғамыңыз өте күшті. Рас, көптеген адамдар, тәжірибе көрсеткендей, бұл туралы ұмытады. Сарышаяндардың киіну үлгісі Хейли Биберге ұқсайды. Айтпақшы, оның стилі сізге ең қолайлы.
Мерген – Зои Кравиц
Мергендер кішіпейіл бола алмайды. Сіз трендтерді ұстануға тырыспайсыз, бірақ сіз әрқашан тікелей мақсатқа жетесіз. Сіз сондай-ақ капюшон, кең жүк және мектепке арналған мини-юбкаларын қалай тиімді үйлестірудің бірнеше жолын білесіз. Бұл жерде мысал ретінде Зои Кравицті алсақ болады.
Тауешкі – Кейт Миддлтон
Киімде олар түрлі-түсті суреттер ,жылтыр әшекейлерді және қысқа юбкаларды ұнатпайды. Бұл белгі өкілдері қатаң классиканы жақсы көреді және әр кескінді ең кішкентай бөлшектерге дейін ойластырады. Егер сіз жұлдыз жорамал бойыншы тауешкі болсаңыз, Кейт Миддлтонның стиліне мұқият қарауға кеңес береміз. Дегенмен ол болашақ ханшайымғой.
Суқұйғыш – Джулия Фокс
Суқұйғыштар-нағыз экспериментаторлар. Сіз трендтерді белгілейтіндерге мүлдем мән бермейсіз, сіз оларды өзіңіз ойлап табасыз. Сіз назардың орталығында болғанды ұнатасыз және ештеңеден ұялмайсыз. Сізді Канье Уэстпен байланыстыратын ештеңе жоқ деп үміттенеміз.
Балықтар – Рианна
Балықтар әрқашан ағынмен жүруді жөн көреді дейді. Ия, бірақ бұл сәнге қатысты емес. Сіз үйлеспейтін киімдерді үйлестіресіз және барлық ережелерді бұзуды ұнатасыз. Сонымен, Riri стилі – сізге дәл келеді.
Фото: Instagram/Shutterstock