Джолидің жеке жағдайының көп бөлігі Chateau Miraval шарап зауытымен байланысты.
Голливуд актрисасы Ангелина Джоли негізін қалаған Nouvel компаниясы Брэд Питтке қарсы 250 миллион доллар талап етіп, ол және оның достары 2008 жылы өздері сатып алған француз зауытыг «бақылауды басып алу үшін жасырын науқанды» бастады деп айып тағып отыр.
Арызда Брэд Питт олардың ажырасуына себеп болған жағдайларды талқыламау туралы келісімге қол қоюға мәжбүрлеу үшін, Джолидің Chateau Miraval шарап зауытындағы ірі қаржылық үлесін айла-шарғы жасауға әрекеттенгені айтылған.
Сонымен қатар, Джоли мен Питт холдингтердің күрделі желісі арқылы шарап өндірісінің 50% — ын иемденіп отырғандары және Джолидің жеке байлығының көп бөлігі Chateau Miraval-мен байланысты екендігі айтылған.
Құжаттарда ажырасуға өтініш бергеннен кейін Брэд Питттің Джолимен ақылдаспай шарап зауытын басқаруды толығымен өз қолына алғаны айтылған. Актер бұрынғы әйелінің мүддесіне нұқсан келтіріп, Chateau Miraval-дан өзіне және оның достарына тиесілі компанияларға жасырын түрде активтерді аударғысы келгені де атап өтілген.
Сондай-ақ, арызда ажырасқаннан кейін Питт «Chateau Miraval-ның ондаған миллионын коммерциялық негізі жоқ бос жобаларға жұмсаған, соның ішінде бассейн құрылысына миллион доллардан астам қаражат бөлген» делінген.
Басылым Анджелина Джолидің сотқа берген шағымына жауап берілгенін мәлімдеді. 2022 жылдың ақпан айында Брэд Питт бұрынғы әйелін сотқа берді. Актер Джоли оның келісімінсіз Chateau Miraval шарап зауытындағы акцияларын Stoli Group құрамына кіретін Tenute del Mondo-ға (ресейлік кәсіпкер Юрий Шефлер негізін қалаған) сатқанын мәлімдеді.
Фото: Shutterstock