
Instagram: @erke_esmahan
Күйеуі және балаларымен Дубайға ұшып кеткен Ерке Есмахан Instagram-да жылы отбасылық суреттерімен бөлісіп, Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Үшінші сәбиіне аяғы ауыр Ерке өзінің блогында бірқатар отбасылық суреттерді жариялады. Онда ол күйеуі RaiM және екі ұлымен бірге түсті.
«Ораза Айт құтты болсын! Жүректеріңізге тыныштық, отбасыларыңызға береке, өмірлеріңіз мейірімге толсын! Ораза айында тілеген ақ тілектеріңіз орындалсын! Шүкір ететін сәттеріміз көп болсын!
Әр қазақ бақытты, бай болсын! Айттан айтқа төрт көзіміз түгел аман жетейік, ағайын! Сіздерді жақсы көреміз. Тілекпен Раймбектің отбасы»,
деп жазды Ерке.
Желі қолданушылары Еркенің жылы суреттеріне пікірлерін жазып, мерекемен құттықтады:
«Оразадан оразаға аман-есен жете беріңіздер», «Керемет отбасы», «Райымбектің отбасы көбейе берсің. Ерке ханым аман есен бөпеңізді қолыңызға алыңыз. Сіздер үлгі тұтар отбасысыздар», «Неткен әдемі көрініс!», «Тіл тимесін».
Фото: Instagram