
Pexels: Mikhail Nilov
Мойындашы, қанша рет жігітіңнің ұялы телефонын жасырын түрде тексергің келді? Мүмкін бұл іштегі күмәндарды сейілтетін жалғыз амал сияқты көрінуі мүмкін.
Мұндай қалаудың неліктен пайда болатынын және оның неге әкелуі мүмкін екенін анықтап көрейік.
Жеке шекара және «телефон қауіпсіздігі»
Ұялы телефон – әрқайсымыздың жеке кеңістігіміз. Онда біз ешкіммен бөліскіміз келмейтін өз хат-хабарларымызды, ойларымызды және естеліктерімізді сақтаймыз.
Жалпы, бәрімізде осы телефондағы жеке шекараға құқығымыз бар және оларды бұзу жақсы әрекет емес.
Жігітіңнің ұялы телефонын тексеруге деген ұмтылыс қайдан пайда болады?
Сенімнің жоқтығы
Барлығы өте қарапайым: біз адамға толық сенген кезде, ол жаман қадамдарға барады деп күдіктенбейміз. Тіпті, ол жұмыста жиі кідіре бастаса да, достарымен көп уақыт өткізіп, телефондағы құпия сөзді өзгертсе де жаман ойлауға асықпаймыз. Екінші жағынан, әрине, бұл жеңіл паранойя болуы мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда бірінші кезекте адамды ашық әңгімеге шақырып, онымен қорқыныштарың жайлы бөлісу қажет.
Өзіңе деген сенімсіздік
Екінші себеп те айқын: мұндай ойлар қарым-қатынас немесе өзіміз бұрынғыдай емеспіз деп санаған кезде келеді. Саған енді бір-бірлеріңмен көңілді, жайлы және қызықты уақыт өткізу мүмкін еместей көрінуі мүмкін.
Неліктен жігіттің ұялы телефонына тиіспеу керек?
Қолдарың қышып, сүйіктіңнің гаджеті өте жақын болған кезде не істеген жөн?
Ұялы телефонды тексеру – қымбат сенімді жоғалтудың айқын жолы. Бұл әдетке айналып, кикілжің жиі туындай бастауы мүмкін. Сонымен қатар, өзіңнің абыройыңа нұқсаң келтіресің.
Сенім болмаған қарым-қатынас жақсы аяқталмайды. Сол себепті, егер қандай да бір күмәндарың болса, жай ғана ашық сөйлесіп, өз қорқыныштарыңмен бөліс.
Фото: Pexels
Дереккөз: TheGirl