
Instagram: @erke_esmahan
Дубайға күйеуі RaiM-мен барған Ерке Есмахан сол жерде кіммен кездескенін көрсетті. Әнші ұзақ уақыт бойы көрмеген құрбысымен жолықты.
Бір апта бұрын үшінші сәбиіне аяғы ауыр Ерке Есмахан күйеуі екеуі кезекті рет жолға шыққанын айтты.
Ерлі-зайыптылар Дубайға ұшып кетті, онда олар демалып, шопинг жасап жүр. Ерке БАӘ-де тұратын қазақстандық актриса Гүлназ Жолановамен кездесті.
«Отбасымен Дубайда тұратын құрбым Гүлназ. Көптен кездесе алмай жүр едік, бүгін бұйырыпты»,
деп жазды Ерке құрбысымен бірге түскен сурет жүктеп.
Гүлназ өз кезегінде Ерке Есмаханның stories-іне репост жасады.
«Бүгін таңым осындай болды»,
деп жазды Жоланова.

Instagram/stories: @zholanova_gulnaz
Фото: Instagram
Поделиться: