Әли Оқапов

Instagram: @aliokapov

Әли Оқапов отбасылық демалыстың пайдасы туралы айтып берді. Ол Instagram-ға Вьетнамдағы демалыс кезінде әйелі және ұлымен бірге түскен жаңа суреттерді жариялады.

Әли олардың демалысы аяқталғанын атап өтті.

«Бір біріміз үшін демалысқа баруымыз – айналып келгенде бәрімізге пайдалы болып шығады. Әрине үйімізді де сағынып, жұмыстар да жиналып қалды, бірақ кейде бәрін тастап, жақындарыңмен алыс жаққа кетіп қалу да өте дұрыс. Ары бері шабыстардың барлығын тоқтатып, асықпай ойлануға уақыт алып немесе керісінше дым ойланбай, жақындарыңмен сапалы уақыт өткізгенге не жетсін»,

деп жазды ол.

Жұлдызды отбасының жаңа жарқын суреттері желіде пайда болды.


Фото: Instagram

Поделиться: